ЖаңалықтарСанатталмаған

ЕЛБАСЫНЫҢ АЛҒЫСЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Астана күніне орай елорданы көркейтуге зор үлес қосқаны үшін Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовке және Жамбыл облысының тұрғындарына алғыс білдірді.

Президент алғыс хатта Астананың 20 жылдығымен өңір жұртшылығын құттықтап, елорданың мерейтойы – барша қазақстандықтардың ортақ қуанышы екенін жеткізген.

Тәуелсіздіктің тұмары – Астананы тұрғызуға бүкіл ел халқы атсалысқанын айта келіп, Елбасы «Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасының аясында заманауи велосипед жолағын тарту еткен Жамбыл облысының сыйын ерекше атап өткен.

Төменде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хатын толық келтіреміз.

Жамбыл облысының әкімі

А. Мырзахметовке

 Құрметті Асқар Исабекұлы!

Сізді және бүкіл Жамбыл облысының жұртшылығын Астананың
20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіз Қазақстанның символы саналатын бас қаламыздың айтулы мерейтойы – барша қазақстандықтарға ортақ қуаныш.

Сарыарқа төсіне қазығын қаққан еңселі елордамызды тұрғызуға бүкіл халқымыз жұмыла атсалысты.

«Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында Жамбыл облысы да елордаға ерекше сый жасады.

Ұзақ қашықтықты қамтитын және толық жабдықталған велосипед жолағы адамдарға арналған қаладағы заманауи ортаның маңызды құрамдас бөлігі саналады.

Бұл велосипед жолағы саламатты өмір салтын насихаттап, елордада жаппай спортпен шұғылдану үрдісін дамытуға септігін тигізетін болады.

Астананы көркейтуге зор үлес қосқан Сізге және өңір тұрғындарына шынайы ризашылығымды білдіремін.

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

Н. Назарбаев

Comment here